Қала әкімі фестиваль жеңімпаздарын қабылдады

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев XХXV «Кристалды Магнолия» Халықаралық жас орындаушылардың фестивалінде жеңімпаз атанған өнерпаздарды қабылдау рәсімін өткізді
Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев киелі шаңырақ А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Сыр сандуғаштары» ән үйірмесінің мүшелері Ресей Федерациясы, Қара теңіз жағалауында өткен XХXV «Кристалды Магнолия» Халықаралық жас орындаушылардың фестивалінде жеңімпаз атанып өнер көрсеткен бас жүлде иегері – Қарақат Базарбайды, ІІ орын иегері – Саят Сарманбекті және Көркемсөз жанры бойынша І орын иегері – Хорлан Саинды жеңістерімен құттықтап, "Алғыс" хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
«Сыр сандуғаштары» ән үйірмесінің жетекшісі Бағдагүл Есмұрзаеваға мәдениет саласына қосқан қажырлы еңбегі үшін Қызылорда қаласының «Құрмет грамотасы» табысталды.
Алдағы уақытта да қанаттарыңыз талмай, биік белестерді бағындырып, Сыр елінің қоржынын жеңіске толтыруларына тілек білдірді. «Сыр сандуғаштары» балалар вокалдық тобының жетекшісі Б.Есмұрзаева жас өнерпаздарға қолдау көрсеткендігі үшін қала әкімдігіне және мәдениет саласына өз алғысын білдірді. 
 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2019 г. 136 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930