Ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті


Арал қаласындағы «Тәуелсіздік алаңының» алдында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында өткен жәрмеңкеде ауданға қарасты ауылдық округтерден қой, сиыр,жылқы еті 2 тонна,  балық өнімдері 3 тонна, жеміс-жидек, көкөністер 3 тонна нарықтағы бағадан 10 пайыз төмен бағада сатылды.

Сонымен қатар, елді мекендерден 120 бас тірі қой-тоқтылар әкелініп, қой 35-45 мың теңгеден, тоқты-15-20 мың теңге аралығында саудаланды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қараша 2019 г. 60 0