Қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін "Евразия" спорт кешенінде қазақ күресінен ерлер жəне əйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды.
Ел чемпионатына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің барлық облысынан 500-ге жуық спортшы 16 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасуда.
Мақсаты - Қазақстан ұлттық құрама сапына іріктеу болып табылады. Топ жарғандар келесі жылы өтетін Əлем жəне Азия чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады.
Жарыстың салтанатты ашылуында облыс əкімінің міндетін атқарушы Наурызбай Байқадамов, ҚР Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Дəурен Абаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сəттілік тіледі.
Ел чемпионатының алғашқы күнінде боз кілемге ерлер (90, 100, +100 келі) шығады.
Жарыстың соңғы күні, 14 қараша күні əйелдер өнер көрсетеді. 


 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қараша 2019 г. 228 0