2020 жылдан бастап ТЖК қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

2020 жылдан бастап Төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлерінің айлығы көтеріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлерін – айлығы өсетін қызметкерлердің қатарына енгізіп жатырмыз. Олардың айлығы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеріледі. Бұл жерде ТЖК қызметкерлерінің айлығы тәртіп сақшыларының айлығын көтергендей амал-әдіс қолданылады. Яғни, ТЖК қатарындағы қызметі ең ауыр мамандардың айлығы 60-65 пайызға артады», - деді Алексей Калайчиди ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ішкі істер министрінің орынбасарының айтуынша, өрт сөндірушілердің айлығы патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысынан аса кем емес.

«Сондықтан, олардың айлығын 65 пайызға көтеру бастамасы өте орынды деп есептеймін. Біздің болжауымызша, олардың айлығы шамамен 140 мың теңгеге жетіп қалуы керек», - деді ол.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қараша 2019 г. 422 0