Жеңіс монетасын жаса: Ұлттық банк ашық конкурс жариялады

Қазақстан Ұлттық банкі «Жеңіс монетасын жаса!» ашық конкурсын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық банкі Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығын атап өту шеңберінде 11 қарашадан бастап осы тақырыпта үздік бейнеленген монеталардың ашық конкурсын жариялады. «Байқаудың негізгі мақсаты – дарынды азаматтарды анықтау, суретшілерге өз шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беру. Конкурстық материалдар 11 – 25 қараша аралығында қабылданады. Бір автордан бір жұмыстан артық қабылданбайды. Қорытынды 2019 жылдың 2 желтоқсанында шығарылады», - делінген ҰБ ақпаратында.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2019 г. 71 0