Жерді пайдалануда заңнан аттамаған абзал

Облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев пен облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаев ҚР Президенті Жолдауынан туындайтын салаға қатысты міндеттер мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

– Жалпы қолданыстағы жер заң­на­ма­сында ауыл шаруашылығы жерін қа­зақ­стандықтарға жеке меншікке және шетелдіктерге жалға беруге қатысты мора­­торий жарияланғаны белгілі. Ауыл шаруа­­шылығы жерін шетелдіктерге беру­ді тоқтату туралы мораторийдің нор­ма­­­­ларына қосымша жарғылық капита­лында кез келген мөлшерде шетел­дік қатысу­шылары бар бірлескен кәсіп­орындарға жерді жалға беруге тыйым салынды. Заң ең алдымен жалға беру институтын сақтау мен әрі қарай жетілдіруге бағыт­талған. Жердің үлкен көлемде «бір қолға» берілуін болдырмау мақсатында әр облыстың әкімшілік аудандары шегінде ел тұрғындарына алқап түрлері бойынша ең жоғары мөлшер белгіленді.  Сондай-ақ, жерді беру мәселесі қоғамдық кеңестермен және үкіметтік емес ұйымдармен келісіледі,– деді Ш.Қойшыбаев.

Сонымен бірге ол жер беру тәртібінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында  комиссияның отырысы міндетті түрде жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында онлайн трансляцияланып, аудио-бейнежазба  жүргізілетінін айтты.

Елбасының цифрландыру тапсырмасына сәйкес егіс алқаптарының электрондық картасы жасалған. Ол үшін ауыл шаруашылығы тауар өндіруші шаруашылықтардың егіс алқаптары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Qoldau» веб-порталына енгізілген.

Ал облыста жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау мақсатында облыс әкімдігімен бірлесе «Бағдаржол», «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдаланудың ведомствоаралық әрекеттестігі» іс-шарасы бекітілген. Биылғы 9 айда облыс көлемінде 332 бақылау жүргізілсе, оның 287-сі жос­пардан тыс. Барлығы 628,72 гектар жер учаскесі тексеріліп, нәтижесінде 284 заң бұзушылық анықталған.  Есепті мерзімде жалға беру шарттарын біржақты бұзу арқылы және түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы көлемі 15182 гектарды құрайтын 52 жер учаскесі, сот шешімімен жалпы аумағы 88 гектар болатын бір жер учаскесі мемлекетке қайтарылған.

Айнұр БАТТАЛОВА.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2019 г. 122 0