Өнер байқауының жүлдегерлерін қабылдады

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқарбек Есжанов  өнер бәйгесіне қатысып, жүлдемен оралған Сезім Қаһарман мен Мақпал Қалданованы қабылдады.
Сезім  жас өнерпаздардың талабын шыңдайтын бірегей жоба – «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауында оза шауып, ІІІ орынды иеленсе,  Мақпал Жезқазған қаласының 65 жылдық мерейтойы аясында өткен «Өнер өлкесінің жезкиігі» атты республикалық әншілер конкурсында бас жүлдені жеңіп алды.
Бөлім басшысы жеңімпаз­дар­ды құттықтап, алдағы уақыт­та да биік белестерді ба­­­ғындырып, аймақ абыройын ас­қақтатып жүрулеріне ті­лек­­тестігін білдірді. Соны­мен бірге өнерпаздарды тәр­биелеп, қолдап жүрген  «Сыр сандуғаштары» балалар во­калдық тобының жетек­шісі Бағдагүл Есмұрзаева мен М.Ералиева атындағы мәде­ниет үйінің директоры Ләйлә Насимхановаға алғыс айтты.

Барлыбек БАТЫР.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2019 г. 324 0