Қазалы ауданындағы мектептен өрт шықты

Бүгін Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі №204 мектептен өрт шығып, аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің көмегімен дер кезінде сөндірілді. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда оқиға орнына аудан әкімдігі мен тиісті сала мамандары келіп, жағдайды қатаң бақылауға алды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Осыған орай аудан тұрғындарының алаңдауына ешқандай себеп жоқ екендігін хабарлаймыз. Мәселенің мән-жайы анықталған соң қосымша ақпараттармен бөлісетін боламыз.
Айта кетейік, мектепте оқушылардың оқу процесі тоқтамайды. Ертең сабақ қайта жалғасатын болады.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2019 г. 577 0