Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі болды

«Менің туым – менің Отаным» акциясы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында жалғасын тапты. Қаладағы №1 халыққа қызмет көрсету орталығында «Nur Otan» партиясының өкілдері және белсенді жастармен бірге мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өткізілді.
Акцияның мақсаты – мемлекеттік Туды насихаттап, қазақстандық жастардың туған еліне деген отансүйгіштігін ояту. Бүгінгі таңда республика бойынша бастау алған челленджге барша белсенділер атсалысуда.  Іс-шараға қала тұрғындары мен «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық, қалалық филиалының басшылығы, ХҚО мамандары мен жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері және өңірдің белсенді жастары қатысты.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Айдын Қайруллаев:
-«Бүгінгі акциямыздың негізгі мақсаты өскелең ұрпаққа Туды насихаттап, қазақстандық жастардың туған еліне деген отансүйгіштігін ояту болып табылады. Әлемнің дамыған елдерінде Мемлекеттік байрақтарын қоғамдық жерлерге іліп, әрбір елдің азаматы мақтаныш тұтады. Мысалға Түркия, АҚШ, Жапония елдерін атап өтуге болады. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде мемлекеттік Туды насихаттау, дәріптеу акциялары жалғасып жатыр. Бүгін міне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы да өз қолдауын білдіруде»
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қабылдау процесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі орасан зор. Оның тікелей жетекшілігімен 1992 жылы жаңа мемлекеттік нышандарды даярлау бойынша жұмыс тобы құрылды. Сол уақыттан бастап еліміздің мемлекеттік рәміздері Қазақстанның табысты дамуының белгілеріне айналды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қараша 2019 г. 188 0