Сала жұмысы еркін сұхбат алаңында

Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова аймақтың бірқатар БАҚ өкілдерімен жүздесіп, еркін сұхбат алаңында сала бойынша жаңашыл бағыттағы жұмыстар төңірегінде әңгімелеп, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Басқосуда білім саласының бүгінгі талабы, атқарылып жатқан жұмыстар ой елегінен өткізілді. Айталық, критерийлік бағалау жүйесі, "Күнделік KZ" қызметінің сапасы, мұғалімдердің біліктілігін арттыру шаралары, жас мамандардың жұмысқа орналасуы, жаңартылған оқыту бағдарламасына қатысты көкейде жүрген ойлар айтылды. Сондай-ақ, жыл сайын өтетін науқандық шара – "Мектепке жол" акциясы төңірегінде сөз болды.

 Басқарма басшысы Майра Тұрғанбайқызы айтылған ой-пікірлердің барлығын назарға алып, алдағы қабылданатын іс-шаралар барысында қажетті ұсыныстардың қолдау табатынын атап өтті. Ал журналистер тарапынан осындай ашық жүздесулерді ұйымдастырудың қоғаммен санасуға ықпал етіп, сала жұмысына да  серпін беретіні айтылды.

 Еркін сұхбат өткізуге бастама көтеріп, шара тізгінін ұстаған әріптесіміз, облыстық білім басқармасының пиар-менеджері Абай Тағыберген бұл бастаманың жүйелі жалғасын табатынын жеткізді.

                                                                                                       Ғазиза ӘБІЛДА

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қараша 2019 г. 391 0