«Атыңнан айналайын, Атамекен!»

 «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 90 жылдығы аясында «Атыңнан ­айналайын, Атамекен!» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өткізіледі.

Е Р Е Ж Е С І

 

Мүшәйраның мақсаты:

Алаштың ­анасы атанған кие­лі Сыр өңірі дәуірлер сипатын ашатын тарихқа да, данышпан би-шешендерінен, батырлары мен ақындарынан қалған асыл мұраға да бай. Рухани жаңғыру бағдарламасы бо­йынша сондай жәдігерліктерімізді ұрпақ бойына сіңіруге ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді.

Мүшәйраға қаты­су­шы ақын атамекеніміздің қасие­тін, атала­рымыз­дың өсиетін жырмен кес­телеп жеткізуге міндетті. Сонымен бірге, «халықтың тілі, көзі һәм құлағы» болған аймағымыздың ата басылымдары туралы да сыр толғауы тиіс.

Ақындар мүшәйрасы ұл­ты­мыз­дың басты тәрбие құралы болған  халықтың салт-дәстүрін, туған же­ріміздің ыстық келбетін өрнектеу арқылы санамыздың рухани жаңғыруын мақсат етеді.

 

Мүшәйраның талап­тары мен шарттары:

-  Мүшәйраға 18-40 жас аралы­ғындағы ақындар қатыса алады.

- Қатысушы мүшәйрада оқылатын өлеңін алдын ала көрсетілген мекен-жайға жіберуі қажет.  

- Ақын өз даусымен екі өлең оқиды, екеуі де көрсетілген тақырыптарды қамтуы тиіс.

-  Мүшәйраға арнайы сараптаудан өткен ақындардың шығармалары жіберіледі.

Жеңімпаздарды анықтау және мара­паттау:

Мүшәйраның өту барысында қазылар алқасы төмендегі талап-талғам бойынша жұмыс   жасайды:

- Өлеңнің тақырыбы және құ­рылымы;

- Тіл тазалығы мен ақынның тақырыпты жеткізу шеберлігі;

- Автордың оқу мәнері мен аудиторияға әсер етуі;

- Қатысушының өзін сахнада ұстау мәдениеті;

- Озық өлеңдерге 3 орын ­ (­1, 2, 3-орын) және ынталандыру сыйлықтары беріледі.

 

Қазылар алқасының ше­шімімен үздік деп танылған шығармалар ақшалай сыйлықпен және дипломмен марапатталады. 

Мүшәйраға ұсынымдар 22 қарашаға дейін қабылданады.

 

Мекен-жайымыз: Қызыл­орда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4 «А». Байланыс телефондары: ­40-11-10 (1038,1033) е-mail:syrboyi@yandex.kz, aiashuly_62@mail.ru

Ескерту: Мүшәйра 28 қараша күні сағат 10-да А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өтетін қос газеттің мерейтойына арналған конференция барысында ұйымдастырылады.

 

Ұйымдастыру 

алқасы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қараша 2019 г. 125 0