«Әділдің жыр әлемі – жүрегімде»

«Қызылорда қаламгерлер қауымдас­тығы» ҚБ және Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің ұйымдас­тыруымен талантты да тағдыр­лы ақын Әділ Ботпановтың шығармашылығын насихаттауға арналған респуб­ликалық жыр мүшәйрасы өткізіледі. Ақпараттық демеуші – «Сыр медиа» ЖШС.

Мүшәйрада қалалық Жастар театрының әртіс­тері ақынның өлеңдерін оқып, сахналық көрініс жасайды. Сонымен бірге ақын сөзіне жазылған әндер орындалады.

Жыр кешінде Ә.Ботпанов­тың өмірдегі, өлеңдегі үзеңгілес жүрген достары, рес­пуб­ликаға белгілі қалам­герлер қонақ болады.

Мүшәйраның 

шарттары:

1. Мүшәйраға жасы 18-40 аралығындағы ақындар қатыса алады.

2. Олардың өлеңдері алдын ала арнайы комиссияның іріктеуінен өтеді. Іріктеуде жарамсыз деп табылған шығарма мүшәйраға жіберілмейді.

3. Шығармалар мү­шәйра талабына сай болуы керек.

4. Мүшәйра жеңімпазы 1, 2, 3-ші орынмен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады (сыйлық ақшалай).

5. Қазылар алқасы белгіленген орынның немесе сыйлықтың санын еселеу­ге керісінше қысқартуға құқылы.

6. Шығармалар мына мекенжайға қарашаның 15-не дейінгі уақытта түсуі тиіс: Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі 4 «А», «Сыр медиа» ЖШС ғимаратының 2-қабаты, 210-бөлме. e-mail: aiashuly_62@mail.ru

 

 Мүшәйра талабы:

а) Ақын 2 өлең оқиды (бірі – арнау, бірі – еркін өлең).

ә) Қатысушының бірінші өлеңі тағдырлы ақын Ә.Ботпановтың болмысын ашуы тиіс немесе ол шығарма ақындық қасиетке арналады.

б) Қатысушының киім киісі, өлең оқу мәнері, көрер­менмен арақатысы, яғни, аудиторияны назар аударта білуі есепке алынады.

 

Ұйымдастыру тобы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қараша 2019 г. 134 0