Тағылым бастауы – туған жер тарихы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Сыр өңірі тұнған шежіре» тақырыбында оқушылар арасында олимпиада өтті. Олимпиадаға үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі, №11, Ә.Мүсілімов атындағы №101, 268 мектеп-лицейлерінің 10-сынып оқушылары қатысты.

Олимпиадада оқушылар тест сұ­рақтарына жауап беріп, бір та­қырыпта жазылған зерттеу жұмысын қорғады. Бұл орайда оқушының ізденісі мен сауаттылығы, ғылыми негізге сүйенуі, архив қорынан тың деректерді пайдалана білуі, сөздік қоры мен сөйлеу мәнері, ойын еркін жеткізе білуі ескерілді.

Шара қорытындысымен І орынды Ә.Мүсілімов атын­дағы №101 мектеп-лицейінің оқу­шысы Бағлан Ахметова, ІІ орын­ды №11 мектеп-лицейдің оқушысы Дильназ Нұрадин иеленсе, ІІІ орынды «Мұрагер» мектебінің оқушысы Мағжан Өскенбай және №268 мектеп-лицейінің оқушысы Аида Нәр­зілда бөлісті. Сонымен қа­тар, «Үздік эссе», «Ынталы зерт­теуші», «Зерделі жұмыс», «Ұш­қыр ойлы қалам» жүл­делері бо­йынша алғыс хаттар және сый­лықтар табыс­талды.

Оқушылардың шығарма­шы­лық еңбегіне облыстық мә­­дениет, архивтер және құ­жаттама басқармасы басшысы­ның орынбасары Н.Әбіл­даев,  облыстық мемлекеттік архи­вінің басшысы Н.Қуанышева, об­лыстық «Сыр бойы» га­зетінің аға тілшісі Ғ.Әбілда, қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары кол­лед­жінің тарих пәнінің оқы­ту­шысы, «Жас архивистер және тарихшылар» клубының мүшесі Ж.Дүйсенова және №264 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Қ.Әмірова баға берді.

Шараны қорытындылаған об­лыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нұр­сұлтан Әбілдаев бұл олим­пиада оқушылардың ар­хив қорындағы деректер арқылы Сыр өңірі тарихын зерттеп, оқу-танымдық қа­білетін ынталандыруға сеп­тігін тигізетінін айтты. Да­рынды оқушылардың шы­ғар­машылығын, ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақ­сатында ұйымдастырылған ша­ра нәтижесі  ізденістің ізсіз кет­пейтінін көрсетті.

«СБ» ақпарат.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2019 г. 272 0