5-20-25: Жаңа бағдарлама бойынша кімдерге баспана беріледі?

Қазақстанда баспананың қолжетімді болуы үшін тағы бір бағдарлама енгізіледі, мұнда басты шарт қазақстандықтардың табыс деңгейі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. 
 Үкімет 2020-2025 жылға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын мақұлдады.
 "Бірыңғай тұрғын-үй саясатын жүзеге асырудың" бірінші тапсырмасы аясында баспана қолжетімділігі сатысы енгізіледі. Халықтың табысы негізгі фактор болады. Отбасы мүшесі үшін бір күнкөріс минимумы - 29,7 мың теңге табысы бар кезектегі адамдарға жетім балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, зейнеткерлер мен басқалар үшін сатып алуға болмайтын жалдамалы баспана беріледі", - деді Атамқұлов.  
Оның айтуынша, "Бақытты отбасы" бағдарламасы кезектегілерге қолжетімді болып қала береді, олардың санатына кіретіндер - екі күнкөріс минимумы - 59,4 мың теңге табысы бар көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар.  "3,1 күнкөріс минимумы - 92 мың теңге табысы бар кезектегілер "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктің кредиттік баспанасына үміткер болады, олар - әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттегілер. 3,1 күнкөріс минимумынан жоғары табысы бар тұрғындарға "7-20-25" бағдарламасы қолжетімді", - деді Атамқұлов.
  Оның сөзінше, бес күнкөріс минимумы - 148,5 мың теңгеден жоғары табысы бар қазақстандықтар баспана алу үшін "Баспана-хит", "Орда", "Свой дом" секілді нарықтық бағдарламаларды пайдалана алады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қараша 2019 г. 99 0