Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылдың 19-21 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
 "Кар теңізінің арктикалық ауа массаларында антициклон қалыптасып, оңтүстік-батыс бағытында жылжып, 21 қарашада Ресейдің Еуропалық территориясының орталығына дейін жетеді. Антициклонның шығыс перифериясы бойынша Қазақстанға Батыс Сібір арқылы арктикалық теңізден өте суық ауа массасы келіп, республиканың басым аймақтарында айтарлықтай күн суытады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының 28-33 градус аязға дейін төмендеуі болжанады, сондай-ақ кей жерлерде қар, бұрқасын, қатты екпінді жел күтіледі", - делінген хабарламада.  Сонымен қатар батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының кей жерлерінде қар, көктайғақ, тұман күтіледі. Мұнда сондай-ақ, түнде минус 7-15 градусқа дейін, қиыр оңтүстікте минус 3-8 градусқа дейін суытады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қараша 2019 г. 158 0