Арында, жырдың пырағы!

  Жақында Түркияның Едірне қаласында өткен Түркі дүниесі ақындарының 13-ші фестивалінде қазақ поэзиясының талантты есімі, Сырдың арқалы ақыны Шәкизада Әбдікәрімов Ахмет Нишат атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды.
Бұл фестивальға 30 мемлекеттен атақ-даңқы бар 100-ден аса ақын қатысты. Ақындар өлең мерекесі кезінде түрік елімен шектес Болгария, Греция мемлекетінің қалаларында болып, жыр оқыды.
Фестивальда жерлесіміздің алған әдеби атағына пара-пар марапат  ирактық және македониялық ақынға ғана бұйырды. Бұл біз үшін, Шәкизада ақынның қалың оқырманы үшін, ерекше атап өтерлік жайт.
«Қоғам» телеарнасының құрылтайшысы, «Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Шәкизада Әбдікәрімовтің журналис­тика саласына ғана емес, қазақ поэзиясына да қосқан қомақты үлесі, тың серпіні осылайша түркі дүниесінде де өзінің лайықты бағасын алды.
Марапатыңыз құтты болсын, абыройыңыз аса берсін, оқырманыңыз көбейе берсін дейміз, жерлесімізге.

«Сыр медиа» ЖШС ұжымы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қараша 2019 г. 152 0