30 жыл темекі шеккен адамның өкпесі

Қытайдың Цзянсу провинциясындағы клиниканың трансплантолог хирургтері 30 жыл темекі шеккен адамның өкпесі қандай болатынын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 
Әлеуметтік желіде тараған видео 25 миллионнан астам қаралым жинады. Желі қолданушылары роликті «темекіге қарсы ең үздік жарнама» деп атады. Хирургтер көрсеткен өкпе өз ағзасын өзгелерге беруді ұйғарған 52 жастағы ер адамға тиесілі. Пациент өмірінің соңына дейін компьютерлік томография жасатпаған. Сондықтан трансплантологтар оның өкпесінің қандай күйде екенін тек алып шыққаннан кейін білді. Анықталғандай, ол басқа адамға орнатуға жарамсыз болып шыққан. Видео қадрларынан ағзаны толықтай қара шайыр басқаны көрінеді. 
«Бұл мемлекетте темекі шегетіндердің көбінің өкпесі осындай күйде. Қараңызшы, енді темекі шегуге батылыңыз жете ме?» — деп жазды дәрігер Чен Цзинюй.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қараша 2019 г. 329 0