Қызылорда облысында жас тарихшылар бас қосты

Ашық диалог алаңында Сыр елінен шыққан тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы тың мәліметтер айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада педагогтардың әдістемелік деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие процесіне жаңа идея енгізу және ғылыми жұмыстар жазу дербестігін арттыру жайы талқыға түсті. «Сыр өңірінің тарихи тұлғалары жастар көзімен» атты форумға қатысқандар өмір дерегі толық зерттелмеген сырбойылық қайраткерлердің жүріп өткен соқпағы мен еңбектері жөнінде кең мағлұматқа қанықты.
Камалхан Ерболат, жас тарихшы:
- Мен өлкетану бағыты бойынша өлкемізден шыққан тарихи тұлғалар туралы зерттеуді бастадым. Үлгі, тәрбие, тәртіп, одан бөлек жеті басты аждаһаға теңелетін облыстың экологиялық проблемасы, жастар және жұмыссыздық проблемасы республика деңгейінде өзегін жоймайды. Бірақ осы мәселелер тәуелсіз Қазақстан шеңберінде қазір шешіліп келе жатқан дүниелер.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қараша 2019 г. 203 0