Белсенді жаспен кездесті

Ақмешіт музейі «Жастар жылы» аясында мазмұнды шара ұйымдастырды. Ұжым жастардың «Жылы жүрек жастар» еріктілер тобының жетекшісі, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы би байқауларының жеңімпазы Сағатбек Сиюовпен кездесуіне себепкер болды.

Тағдырдың қатал сынына қайыспай, қайсарлықтың үлгісін көрсете білген Сағатбектің есімі елге таныс. Ол қоғамдық шаралардан қалыс қалмайды, еңбекқорлығымен  ерекше.  Содан болар, кездесу барысында белсенді жасқа сұрақ қоюшы студенттер көп болды. Олар Сағатбектің  жемісті жетістіктерінен дайындалған фотокөрмемен де танысты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қараша 2019 г. 336 0