Қызыл жалын көрші үйге жеткен

Бүгін таңғы сағат 9 жарымға таяу 112 нөміріне Қызылорда қаласының О.Исаев көшесіндегі 18-үйде тілсіз жау тұтанғаны туралы хабарлама түсті.
Облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына көп ұзамай №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жетті. Белгілі болғандай, ағаштан салынған сарай жанып, қызыл жалын көрші үйге жеткен. Нәтижесінде оның асханасы мен бу қазандығы бөлмесінің төбе жабындысы жанған.
«Өрт сөндірушілердің жылдам және нақты іс-қимылының арқасында тілсіз жау үй ішіне таралған жоқ. Олар тұрмыстық заттарды сыртқа шығарып, өрт ошағын оқшаулады», – делінген хабарламада.
Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазір оның шығу себебі мен шығыны анықталуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қараша 2019 г. 366 0