Жайна Сламбек: "Журналистер энциклопедия болуы керек"

Бүгін ақпарат саласының өкілдері БАҚ саласындағы ҚР Президенті сыйлығының иегері, "QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасындағы "АРТА" бағдарламасының жетекшісі, авторы және жүргізушісі Жайна Сламбек, облыстық "Сыр бойы" газеті редакторының орынбасары Гүлжазира Жалғасовамен кездесті. 
"Сыр медиа" академиясын құру" әлеуметтік жобасы аясындағы семинар-тренингте бүгінгі БАҚ саласындағы мәселелер қозғалды. Айталық, Гүлжазира Жалғасова материал жазуда тіл тазалығы ескеріле бермейтінін атап өтті. Тыныс белгі, емле ережесін ескермеу, тұрақты тіркестерді орынсыз қолдану, сөз мағынасына мән бермеу сынды қателіктер жиі кездесетінін баса айтып, қалай дұрыс қолдану керегін түсіндірді.
Ал, Жайна Сламбек "журналистер энциоклопедия болуы керек" дейді. Ойы ұшқыр, тілі өткір, азулы тілші БАҚ-тың бүгінгі жағдайын және журналистік қызмет барысындағы оқиғаларды тілге тиек етті. Сондай-ақ, аналитикалық-сараптамалық материалдар дайындау турасында тәжірибесімен бөлісті. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қараша 2019 г. 384 0