Аялдамадағы жол апаты: Ауруханадағы екі адамның жағдайы ауыр

Кеше таңертең Қызылорда қаласындағы аялдаманың бірінде болған жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы белгілі болды.
Бұл жөнінде Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Айбек Мырзағұлов мәлім етті. Оның айтуынша, оқиға орнында 3 жедел жәрдем бригадасы қызмет еткен.
– Оқиға орнынан 2 адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер 10 жас шамасындағы баланы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызды. Ал 31 жастағы әйел қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Екеуінің де жағдайы өте ауыр. Оларға процедуралардың барлығы жүргізіліп жатыр, – деді Айбек Мырзағұлов.
Естеріңізге сала кетелік, жол апаты кеше сағат 09.15 шамасында Назарбаев даңғылы бойында болған. «Тойота Камри» маркалы автокөлігі «Mercedes-Benz» көлігін сол қапталынан келіп соққан. Салдарынан «Тойота Камри» жүргізушісі көлікті басқара алмай, автобус аялдамасында тұрған адамдарды басып кеткен.
– Үш адам оқиға орнында көз жұмып, 2 адам емханаға жеткізілді. Кінәлі автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында анықталып, уақытша ұстау орталығына қамалды. Сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, қара жамылған отбасына облыс әкімінің орынбасары М.Имандосов, облыс әкімі аппаратының басшысы Ғ.Әміреев, қала әкімінің міндетін атқарушы Б.Нуридинов, Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығының бірінші орынбасары Ш.Амитов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев барып қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. Алдағы уақытта бұл отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қараша 2019 г. 218 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031