Қайырымдылық көмек көрсетті

Қазалыда Тұңғыш Президент күні қарсаңында тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарға 4 миллионнан астам теңгенің қайырымдылық көмегі жасалды.

Қайырымдылық шарасына аудан әкімі, орынбасарлары мен аудан әкімінің аппараты, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, кәсіпкерлер атсалысты. Акция аясында 18 отбасыға қатты отын, 105 тұрғынға азық-түлік пен 40 оқушыға киім-кешек алынып берілді. 

Мұндай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. Осыған аудан тұрғындары мен мекеме-кәсіпорын ұжымдарын Тәуелсіздік күні мен жаңа жыл мерекесінде ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларына атсалысып, сауапты іс жасауға шақырамыз.


Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 желтоксан 2019 г. 170 0