Халықаралық турнирде қола медальға қол жеткізді

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті.

Байрақты бәсекеде бақ сынаған Қазалы ауданының спортшысы Ұлдана Маханбетамин əйелдер арасында қола жүлдеге ие болды.

Жоғары спорт шеберлігі мектебінде тəлім алатын Ұлдананың жаттықтырушысы ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Хəкімжан Елеусінов.

Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 желтоксан 2019 г. 198 0