2019 жылы туристер жиі барған әлем қалалары анықталды

Euromonitor International сарапшылары әлемдегі ең танымал туристік қалалардың әлемдік рейтингін құрды. Болжам бойынша 2019 жылы туристер шамамен 1,5 млрд саяхат жасайды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға көп, деп хабарлады atorus.ru. Рейтингке сәйкес, туристер ең көп барған он қаланың бесеуі Азия-Тынық мұхиты аймағында орналасқан.
Сондай-ақ туристер Гонконгке жиі барады екен. Ол саяси толқуларға байланысты келушілер санының 9%-ға азаюына қарамастан, әлемдегі туристер жиі баратын қала атағын сақтап отыр. Ал тізімде екінші орында Бангкок тұр (25,8 миллион турист, 2018 жылғы деңгейден 6,9% жоғары). Одан соң алғашқы бестікке Макао (20,6 млн турист) мен Сингапур (19,7 млн) енген. Ал Лондон 19,5 млн туриспен үшінші орында тұр.
Одан кейін тізімде Париж (19 млн), Дубай (16,3 млн), Куала-Лумпур (14 млн), Дели (15,2 млн) және Ыстамбұл (14,7 млн) жайғасқан. Euromonitor International болжамына сәйкес, Түркия демалыс орындары биыл 13,3 миллион туристі қабылдайды. Рейтингте 12-орында тұр. Дайындаған: Д.Доспан

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 желтоксан 2019 г. 210 0