Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады.
6 желтоқсанда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күшейеді кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
6 және 7 желтоқсанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетеді.
6 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
6 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
6 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы 0-5 градус жылы, кей жерлерде 3 градус аязға дейін төмендейді.
Күндіз 6 және 7 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тәулік бойы 7-8 желтоқсанда
Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетеді.
6 желтоқсанда Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жауын-шашынды болады. 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болмақ.
6-7 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетеді. Сонымен қатар, 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
6 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 18 м/с жетеді.
6-7 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысында желдің күші оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетеді.
6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жауын-шашынды болады (жаңбыр, қар). 6-7 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ , бұрқасын болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 желтоксан 2019 г. 433 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031