Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әнші қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті.
 «Құрметті достар, мен аса қуанышпен сіздерге ресейлік «Виктория» музыкалық премиясында екі аталымда - «Классикалық музыкада жылдың әншісі» және «Жыл жаңалығы» бойынша жеңіске жеткенімді жеткізгім келеді. Менің барша әлемдегі тыңдармандарыма қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет! Бұл жеңісімді әлемдегі барша тыңдармандарым #dears-қа арнадым», - деп жазды Димаш.
Сондай-ақ, ол Ресейдегі командасына және композитор Игорь Крутойға ризашылығын білдірді. «Виктория» - өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік кәсіби өнерпаздарды – музыканттарды, орындаушыларды, композиторларды, ақындарды, продюсерлерді, журналистерді таңдайтын Ресейдегі алғашқы және жалғыз сыйлық.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 желтоксан 2019 г. 131 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031