Елімізде ұшақ билеттері арзандады

 Қазақстанда ішкі бағыттар бойынша әуе билеттері 12 процентке арзандаған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осыған байланысты әуежайларда жолаушылар ағыны артқан. Fly Arystan әуе компаниясының іске қосылуы әуе тасымалына оң әсер етті. Салада бәсекелестік артып, нәтижесінде ұшақ билеттерінің тарифі бірте-бірте төмендей бастады. Дегенмен, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ел ішіндегі әуе рейістерінің халыққа қолжетімді ету мақсатында жұмыс істеп жатыр.  Осы орайда, мемлекет қарамағындағы әуе компанияларына жанармай бағасын төмендету тапсырылды. Себебі, билет құнының 30 проценті жанармай бағасына байланысты.
2020 жылы ең төменгі зейнетақы белгіленді
Елімізде алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет бекітілді. Құжатта ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемі көрсетілген. Оған сәйкес, 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы бұрыңғы қалпында сақталып 42500 теңгені құрады. Ең төменгі базалық зейнетақы төлемі 16 мың 839 теңге көлемінде белгіленсе, ең төменгі зейнетақы 38 мың 636 теңгені құрайды.  Бір айлық есептік көрсеткіш мөлшері 2 мың 651 теңге. Сонымен қатар, келер жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 мың 183 теңгеге дейін көтеріледі деп күтілуде.
Тұз экспортында бәсекелестер пайда болды
Қазақстандық тұз өндірушілердің жаңа бәсекелесі пайда болды. Жақында ирандық компания Ресейге тұздың бірінші партиясын жеткізді. Бұл туралы компанияның жетекшісі Али Роман мәлімдеді. Оның айтуынша, кәсіпорын Ресей Федерациясына ай сайын бес тоннаға дейін тұз жібермек. Айта кетейік, қазақстандық тұз өндірушілер отандық нарықтың 89 процентін қамтиды. Ал қалған өнімді экспортқа шығарады. Экспорттаушы елдер қатарында Ресей Федерациясы бар. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, Иран ас тұзы елдің ішкі нарығының тек 13 процентін қамтиды.
Saudi aramco акцияларына сұраныс артты
Saudi Aramco IPO-сына сұраныс ұсыныстан екі есе артты. Арабтардың мұнай алыбының биржаға шығарған алғашқы акциялары сатып алушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Саланы зерттеген қаржы сарапшылары мен халықаралық агенттер осындай тұжырымға келген. Биржаға қатысу үшін инвесторлар 50 миллиард доллардан астам қаржы төлеуге дайын. Компанияның бір акциясы шамамен 9 доллар көлемінде саудаланбақ. Ал бірінші кезеңде орналастырылатын базалық акция құны 26 миллиард долларды құрайды. Мамандардың айтуынша, компанияның жалпы құны 1 триллион 700 миллиард долларға бағаланып отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 желтоксан 2019 г. 437 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031