Сырдария өзенінде қауіптің алдын алу шаралары жүргізілді

Бүгін Қармақшы ауданы әкімдігі мен Жосалы кенті әкімшілігінің қызметкерлері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп Сырдария өзеніне бақылау жұмыстарын жүргізу барысында Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қараөзекпен Сырдарияның қосылатын тұсындағы ұзындығы 900 метр болатын қорғаныс бөгетінің 4 жерінен су кетіп жатқандығы белгілі болды.
Осыған байланысты, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес шұғыл түрде тиісті жұмыстар атқарылып, қауіптің алды алынды.
Жергілікті атқарушы органнан қатыстырылған күш-құралдар 40 қызметкер, 4 бірлік техника және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 10 қызметкер мен 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Қолданылған инертті материалдарды атап өтетін болсақ 50 бау қамыс, 20 дана қада, 1000 дана қап. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда Сырдария өзенінің жағдайы бірқалыпты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 желтоксан 2019 г. 450 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031