Медиация институтын дамыту мәселелері қаралды

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінің мәжіліс залында медиаторлар кеңесінің отырысы өтті. Оған қала, аудандардан келген кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.

Медиаторлар отырысының модераторы «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, медиация кабинетінің жетекшісі Қ.Ақылбеков күн тәртібіндегі өңірде медиация институтын дамыту, ҚХА 25 жылдығы аясында аудандық деңгейлерде медиациялық бағыттағы әлеуметтік жобаларды енгізу, жергілікті БАҚ беттерінде медиация бойынша мақалалар жариялау мәселелерін ортаға салды.

 «Бітім» медиация орталығының кәсіби тренер-медиаторы Л.Бақтыбаева қалада жүзеге асырылған мектептік медиация бойынша әлеуметтік жобаның нәтижесі туралы айтып өтті. Сонымен бірге Қызылорда қалалық қоғамдық медиатор Т.Сақтағанов облыстық ассамблея жанынан медиацияны насихаттау тобын құруға ұсыныс білдірді.

Қалалық қоғамдық медиаторы Н.Құрманғазиев және Қармақшы аудандық қоғамдық медиатор Е.Ұзақбаев қала және аудан көлемінде медиация бойынша атқарылған шараларға тоқталып өтті.

Отырыс сұрақ-жауап, пікір алмасуға ұласты.

Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 желтоксан 2019 г. 459 0