Хабарландыру

2015-2016 жылдары «Арай-2», «Арай-3» (Нұрорда) мөлтек аудандарында ауыз су жүйелеріндегі құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізген мердігер мекемелер Құрылыс Нормалары мен Ережелерін сақтамағандықтан, яғни құрылыс кезінде құбырдың екі жағынан уақытша тығынмен жабылмау салдарынан құбыр ішіне құрылыс қалдықтары (құм, топырақ, қыш қалдықтары) кіріп кеткен, ауыз су жүйесіне жуып-шаю жұмыстары жүргізілмей пайдалануға берілген.
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап ауыз су жүйесінің қысымы 1,5 кг/см2(атмосферадан) 2,0-2,3 кг/см2 (атмосфераға) дейін көтерілді. Ауыз су қысымы көтерілісімен құбырдың табанында шөгіп жатқан топырақ, құм, кірпіш қалдықтары су қысымымен көтеріліп ауыз суды ластады.
«Қызылорда су жүйесі» МКК авариялық қалпына келтіру бригадаларымен осы мөлтек аудандардың ауыз су жүйелеріне шұғыл түрде жуып - шаю залалсыздандыру жұмыстары сол кезде жүргізілген болатын.
Алайда, бұл жағдай жаздай бірнеше рет қайталанып, тұтынушыларға сапасыз ауыз су берілу фактілері осы күнге дейін қайталануда. «Қызылорда су жүйесі» әкімшілігі осы мөлтек аудандардың тұрғындарына болған жағдайға түсіністікпен қарап және лай су ағуы қайталанған жағдайда шұғыл түрде мекеменің диспетчерлік бөлімінің телефондарына ☎ 23-04-45, 40-50-07, 87770049888 хабарласуларыңызды сұраймыз.

«Қызылорда су жүйесі» МКК әкімшілігі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 желтоксан 2019 г. 559 0