Қызылордалық теннисші - халықаралық турнир жеңімпазы

Ақтөбеде теннистен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирде жерлесіміз Ерасыл Ерділда 2 медаль иеленді.

Ол жекелей сында алтын, жұптасып өнер көрсетуде күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Tennis Europe Еуропалық теннис федерациясы аясындағы халықаралық деңгейдегі мұндай жарыс Қазақстанда алғашқы рет ұйымдастырылды. Алдағы уақытта күнтізбелік жоспарға енгізіліп, елімізде өткізілетін болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 желтоксан 2019 г. 347 0