Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басты назарда

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының мамандандырылған бөлімінде жеке қабылдау өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен өткізілген жеке қабылдаудың мақсаты – көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне тұрғындардың көзқарасын білу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін қызметтерді көрсету барысында кездесетін әкімшілік кедергілерді жою, халықпен кері байланысты күшейту.
Жеке қабылдауда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы және «Азаматтарға арналған Үкімет» МК» КЕАҚ облыстық филиалы басшылары мен қызметкерлері азаматтардың сауалдарына жауап берді.
Тұрғындар тарапынан көліктерді тіркеу, оларды есептен шығару, көлік салығын төлеу және т.б. мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Жеке қабылдау барысында 17 азамат жүгінді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 желтоксан 2019 г. 375 0