Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында тұман сақталады. 10 желтоқсанда Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
10 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Күндіз кей жерлерде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
10 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 желтоксан 2019 г. 116 0