Егіздер ауылында сауда орталығы ашылды

Қазалының Үрмәш Түктібаев атындағы ауылында «Катюша» сауда орталығы пайдалануға берілді. Аудан орталығынан 70 шақырым қашықтағы Алға ауылдық округінен ашылған сауда орталығынан тұрғындарға қажетті азық-түлік пен керек-жарақтың барлығы табылады. Бағасы да аудан орталығындағы базар нарқынан төмен болмаса қымбат емес.
Сауда орталығының ашылу салтанатында Алға ауылдық округінің әкімі Абдолла Төлемісов, еңбек ардагері Байғабыл Әбсұлтанов құттықтау сөз сөйлеп,«кәсіпкерлік нысан ел игілігіне қызмет етсін» деген тілектерін жеткізді.
Кәсіпкерлік саласын дамытуға елеулі үлес қосқан жеке кәсіпкер Рая Жасақбайға аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының «Алғыс хатын» табыстады.
Жаңа ашылған сауда орталығын аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аралап көріп, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, елімізге «Егіздер ауылы» деген атпен белгілі Ү.Түктібаев ауылында осы күнге дейін 27 егіз дүниеге келген.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 желтоксан 2019 г. 222 0