Мерекеге орай қосымша пойыздар қатынайды

Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелеріне орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ екі бағытта қосымша электр пойыздарын жолға шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, компания мәліметінше, «Нұр-Сұлтан-Атбасар» бағытында № 6803/6804 электр пойызы 2019 жылдың 17 және 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 7 қаңтарында, «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағытында № 7502/7501 электр пойызы 2019 жылдың 14 және 28 желтоқсаны мен 2020 жылдың 4 қаңтарында, «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағытында № 7510/7509 электр пойызы 2019 жылдың 13, 15, 17, 30 және 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 3, 4, 7 қаңтарында қатынайтын болады.

Сондай-ақ, «Алматы-Новосібір» бағытындағы №301/302 жолаушылар пойызы бір реттік сапарға шығады. Алматыдан 2020 жылдың 2 қаңтарында, ал кері бағытта Новосібір қаласынан 4 қаңтарда жолға шығады.

Бұған дейін хабарланғандай, мереке күндері ұлттық тасымалдаушы төрт бағыт бойынша («Алматы-2-Шымкент», «Алматы-2-Түркістан», «Маңғыстау-Бейнеу», «Нұр-Сұлтан-Шу») қосымша пойыздарды іске қосқан болатын.

Пойыздардың қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты 105 бірыңғай анықтама қызметі арқылы алуларыңызға болады (стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін).

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2019 г. 93 0