Сәрсенбі күні басым өңірде тұман болжанады

11 желтоқсан күні республиканың оңтүстігінде, батысында және солтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы сақталып, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Еліміздің калған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Ақмола және Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында сондай-ақ, тұманды болады.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жалаңашкөл аумығында жел 17-22 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерін де тұман басуы ықтимал.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2019 г. 78 0