"Таза сессия" жемқорлықтың алдын алады

«Jas Otan» Жастар қанаты ҚОФ «Адалдық алаңымен» бірге «Таза сессия» акциясының аясында акционерлік және жеке меншік университеттерде сауалнама жүргізді.

Негізгі мақсат - еліміздегі оқу орындарында сыбайлас жемқорлық жағдайын анықтау, оларды болдырмау тетіктерін қарастыру. Акция барысында ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлықтың қазіргі жай-күйін, оқу үрдісінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын негізгі мәселелерді анықтау жоспарланған.

 Қаламыздағы «Болашақ» университеті және «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында «Таза сессия» акциясы өтіп, 641 студент қатысты. Бұл  ЖОО-да білім алушылардың 5%-ін құрайды.












ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2019 г. 180 0