Қызылордалық зияткерлердің ағылшын тілін білу деңгейі артты

IELTS халықаралық емтиханында Қызылордадағы Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушылары  жоғары нәтижелерге қол жеткізді, оның орташа ұпайы 6,3 балды құрады. 101 оқушының екеуі 8,0 ұпай  жинаса, 11-і – 7,5 және 14-і –7,0 ұпайды растады.  
Айта кету керек, биылғы оқу жылы түлектерінің IELTS нәтижелері өткен жылмен салыстырғанда 6,0-ден 6,3 ұпайға артты. Саодат Құрманаева, Аида Енсебаева және Дильназ Еркемблан жекелей секцияларда ең жоғары 9,0 ұпайды көрсе алды.
Негізінен аталмыш емтиханның шет мемлекетте ақысыз білім алу үшін маңызы зор. IELTS нәтижесі қаншалықты жоғары болса, соншалықты деңгейде шетелдің беделді оқу орындарында білімдерін жалғастыруға және жұмысқа сәтті орналасуға мүмкіндіктері бар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2019 г. 316 0