Қазгидромет: Желтоқсанның 12-сі күнгі ауа райы болжамы

Желтоқсанның 12-сі күні республикамыздың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, желтоқсанның 12-сі күні республиканың кей жерлерінде жауын-шашын болады.

Тек Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығысында ғана антициклонның ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының бірқатар аумақтарында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғуы ықтимал.

Түркістан облысының басым бөлігінде тұман түседі.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2019 г. 141 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031