Қызылордада 14 мал ұрлығы қылмысының беті ашылды

 Қызылордада полиция қызметкерлері «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында облыс бойынша 14 мал ұрлығы қылмысын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шараны Қызылорда облысының полиция департаменті, қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ветеринария басқармасының өкілдерімен бірлесе отырып ұйымдастырды. Шара аясында малдарды құжатсыз әкелу, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау бағытында жұмыстар жүргізілді.

«Осыған қарай, барлық сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен мал сою бекеттері тексерілді. Іс-шара аясында облыс бойынша 14 мал ұрлығы ашылды. Бүгінгі таңда облыс және қала аумағында барлық мал сою мен ет бөлуге арналған жерлерде бейнебақылау камералары орнатылды. Мал ұрлықтарының алдын алу үшін құжатсыз мал басын тасымалдайтын 245 көлік құралдары тексерілді. Олардың ішінде 38-і мал тасымалдаумен айналысқан», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2019 г. 123 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031