«Development Day»

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпарациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Development Day» жобасы аясында «Келіссөз жүргізу» тақырыбында семинар тренинг өткізді.

Тренингті Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті "Экономика және менеджмент" кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Айгүл Мұханова жүргізді. Семинарға басқарма басшылары мен қызметкерлер және қалалық бөлім басшылары қатысты.

Дәрісте Айгүл Ерденбекқызы көліссөздер жүргізу процесіндегі заңдылықтарға тоқталып, жүзеге асыру мен нәтижелігіне мән беру керегін баса айтты.

Келіссөз жүргізу тәсілін меңгеруге арналған семинар-тренингте топпен шешім қабылдау, келіссөз жүргізу технологиясы, жоспарлау бойынша жұмыстар жасалды.

"Азаматтарға арналған үкімет"

мемлекеттік корпарациясы"

КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2019 г. 314 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031