Теңіз төскейіндегі тәуелсіздік тойы

Арал аудандық мәдениет үйіндегі «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты  салтанатты шара тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған, қазақ халқының тарихына шолу жасалған қойылыммен ашылды.
 Салтанатты жиындағы өзінің құттықтау сөзінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Тәуелсіздік жылдары өңіріміздің де экономикалық даму көрсеткіштері қарқындап Арал өңірі зор  жетістіктерге  қол  жеткізді. Уақыт талабына  сәйкес, аудан көлемінде  жаңартулар  мен  жаңғыртулар  жасалды. Бұл тарапта әрбір аралдықтардың еңбегі, лайықты үлесі бар», - деп атап өтті.
Шара аясында ант қабылдаған мемлекеттік қызметшілерге куәлік табысталып, бірқатар тұрғындар мен сала үздіктері облыс әкімінің, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының және аудан әкімінің алғыс хаты, «Қызылорда қаласына - 200 жыл», «Жалағаш ауданына - 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Сондай-ақ, бірқатар азаматтарға Арал ауданының «Құрметті азаматы» атағы, қоғамдық жұмысқа белсене атсалысқан, жомарттық танытқан жандар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығының номинациясы,«Әлеуметтік еңбек саласының үздігі», «Астананың 20 жылдығы», «Ғарышқа алғаш ұшқандарға 50 жыл толуына орай 50 жылдық» медалі мен өзге де марапаттарды иеленді.

Жұмабек Табынбаев,
Арал ауданы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 желтоксан 2019 г. 118 0