"Ұлы дала елі" брендін жеңіп алды

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан дәстүрлі «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтары мен «Қазақстанның үздік тауары - 2019» республикалық көрме-байқауы жеңімпаздарын марапаттау шарасында отандық өнімді экспорттаушылар арасында еліміз бойынша қызылордалық «Абай Дәулет» ЖШС үздік деп танылып, «Ұлы дала елі» ортақ брендінің жеңімпазы атанды.

Шарада «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев компания басшысы Мұрат Сәрсенбаевқа жүлдені табыс етті.

Айта кету керек, «Ұлы дала елі» сыйлығын 2016 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тағайындады. Ол үздік  тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге өз тауарын халықаралық нарықта ұсынуға мүмкіндік беріп, оларды бәсекеге қабілетті етеді. Жеңімпазға «Ұлы дала елі» ортақ брендін жарнамалық мақсатта қолдану құқығы 5 жыл мерзіміне беріледі.

 Күріш өндірісімен айналысатын серіктестік 2016 жылы құрылған. Онда 100-ге жуық адам еңбек етеді.  Шаруашылық төрт түлік өсірумен де айналысады.  Шаруа қожалығы орналасқан елді мекендерді абаттандыру, асфальттау, әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізу, демалыс орындарын қалыпқа келтіру, спорттық-мәдени шараларға демеушілік жасау, мектепке жаңа спорттық құрал-жабдықтар алу сияқты бірқатар жұмыстарды абыроймен атқарып келеді.


Қызылорда облысы 

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 желтоксан 2019 г. 335 0