Тәуелсіздік мерекесіне орай корпорация қызметкерлері марапатталды

Бүгін Тәуелсіздіктің 28 жылдық мерекесіне орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында қызметкерлердің қатысуымен мерекелік шара өтті.

Корпорация қызметкерлерін құттықтаған филиал директоры Айдын Қайруллаев Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік ерекше қасиетті күн екендігіне, ата-бабамыз аңсаған азаттықтың құны тым жоғары екендігіне тоқталып өтті.

Мұнан соң Айдын Бөкенбайұлы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру міндеттерін іске асыруға қатысқан, жұмыстағы тиімді көрсеткіштер көрсеткені үшін мерекеге орай корпорацияның бірнеше қызметкерлеріне Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жұмағалиев Асқар Қуанышұлының, облыс әкімі Қуаныш Досмайылұлы мен басқарма төрайымы Асемгүл Серрікқызының және кәсіподақ ұйымының құрмет грамотасымен және арнайы төсбелгілермен марапаттады. Жиын соңы өнерпаздардың ән-шашуымен жалғасты.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 желтоксан 2019 г. 310 0