Қазгидромет: Желтоқсанның 14-і күнгі ауа райы болжамы

 Желтоқсанның 14-і күні республиканың басым бөлігіне солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді. Соның салдарынан еліміздің бірқатар аумағында жауын-шашын болады.

Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіпорын тартақан мәліметтерге қарағанда, 14-ші желтоқсан күні шығысқа қарай бет алған антициклон ауа температурасының төмендеуіне және республиканың батысы, солтүсік батысы және солтүстігіне жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді.

Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, бұрқасын болады.

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Павлодар облысында түнде желдің жылдамдығы 18 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 желтоксан 2019 г. 352 0