Жария тыңдау өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлт­­тық эко­номика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Шиелі Жарығы» ЖШС-ның электр энергиясымен жабдықтау қызметі бойынша бекітуге берілген ба­ғалардың жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.

Жария тыңдау мына мекен-жайда өткізіледі:

-    2020 жылдың 16 қаң­тарында сағат 11-00-де Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі, 3 (Мәдениет үйі);

- 2020 жылдың 16 қаң­тарын­да сағат 15-00-де Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Шонабаева көшесі, 8а («Шиелі Жарығы» ЖШС-ның Жаңақорған фи­лиалының ғимараты);

- 2020 жылдың 17 қаңтарында сағат 10-00-де Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Қонаев көшесі, 8 (Мәдениет үйі);

- 2020 жылдың 17 қаңтарында сағат 12-00-де Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Мырзалиев көшесі, 22 («Қы­зылорда электр тарату тораптары компаниясы» Жалағаш аудандық электр тораптарының ғимараты);

- 2020 жылдың 17 қаңтарында сағат 16-00-де Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Амангелді көшесі, 38 (Жыраулар үйі).

Жария тыңдауға қатысу үшін депутаттар, мемлекеттік орган­дардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл­дері және тұтынушылар шақырылады.

Анықтама үшін Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаменті 262367, 277974, 263798 байланыс телефондарына хабарласуға болады.

      Г.ӨТЕГЕНОВА,

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

 облыс бойынша департаменті басшысы.                                                  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қаңтар 2020 г. 318 0