Көлік жүргізушісі рөлде отырып кино көрген

Полиция көлік басқарып келе жатып телефоннан фильм көріп отырған такси жүргізушісіне айыппұл салды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 591-бап, бірінші тармағы - «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» бойынша әкімшілік іс қозғады.
 Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Kolesa_pavlodara» Instagram парақшасында 13 қаңтар күні 003 бағытындағы такси жүргізушісі көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланып фильм көргені туралы материал жарияланған. «Жүргізушіге 13 255 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді тәртіп сақшылары.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қаңтар 2020 г. 357 0