Биыл қанша қасқыр мен шибөрі атуға рұқсат берілді?

Қазақстанда қасқыр мен шибөрі санын реттеу лимиті бекітілді. Бұл жайында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жыл сайын биологиялық дәйектемеге арналған мемлекеттік экологиялық сараптама жасау бойынша Қазақстан Республикасы аумағындағы қасқыр мен шибөрі санын реттеу лимиті бекітіледі. Реттеуге рұқсат беру мемлекеттік қызмет саналады және электронды портал арқылы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясымен көрсетіледі. Әрбір аңшы электронды портал арқылы онлайн өтінім бере алады. Қызмет атауы: «Саны реттеу жататын аң түрлерін атуға рұқсат беру», - деп атап өтеді ол.
Оның атап өтуінше, интернет болмаған жағдайда бұл қызметті кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.
 «Қасыр мен шибөрі халықтың денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және өзге де үй жануарларын аурулардан сақтап қалу, қоршаған ортаға шығын келтірмеу, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай шығын келу қаупін болдырмау мақсаттында саны реттеу жататын аң түрлерінің тізіміне кіреді. 2020 жылы республика бойынша жалпы 4 824 қасқыр мен 11 733 шибөрі атуға рұқсат беріледі», - деді Сәкен Ділдахмет.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қаңтар 2020 г. 339 0