Колледждердің стратегиялық жоспары талданды

Кеше облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен кәсіптік-техникалық колледж директорларымен кездесу ұйымдастырылды.
Басқосуда басқарма басшысы Майра Мелдебекова ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын түсіндіріп, әрбір білім ұйымының жоспарларын талқылауды ұсынды. Сондай-ақ, «Педагог мәртебесі туралы» Заңдағы негізгі артықшылықтарды атап өтті.
Басқарма басшысы алдағы жылға әрбір колледждердің стратегиялық жоспарларын жазу үшін керекті кеңестерін айтып, директорлармен бірге өзара пікір алмасты. Ұсыныстарды тыңдап, бірнеше мысалдарға тоқталып өтті.
Колледжді дамытуға арналған 5 жылдық жоспарда педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру, материалдық-техникалық базаны арттыру, шығармашылық әлеуетті көтеру, студенттердің байқауларға қатысуын ұйымдастыру бағыттары қамтылуы тиіс.
Кеңейтілген жиын соңында басқарма басшысы М.Тұрғанбайқызы ұсыныстарды тыңдап, кері байланыс сұрақтарын тыңдап, директорларға нақты міндет қойды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2020 г. 270 0